Ол өзі жұмыс істейтін мекемеден 35 миллион теңгені 2 сыбайласымен бірге ұрлаған.
Полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне пошта қызметкері арызданған. Мекемеге тиесілі 35 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адамдардың қолды еткеніне шағымданған.
Полицейлер фактіні ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Мұқият іздестіру нәтижесінде, күдікті ретінде пошта қызметкері ұсталды.
Күдікті – Сарыағаш ауданының тұрғыны.
Тексеру барысында ұсталған күдіктінің ақша ұрлауға көмектескен 2 сыбайласы анықталды. Бірі – жергілікті тұрғын, екіншісі – Семейдің тұрғыны.
Үшеуі өзара келісіп, поштаға жиналған 35 000 000 теңгені өзге есепшотқа аударып жіберген. Қомақты қаржыны өзара бөлісіп алған. Ұсталған үшеуі қамауға алынды.