Түркістан облысында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел тірегі» іс-шарасы Сайрам ауданы Манкент ауылында жалғасын тапты.
Nur Otan партиясы «Манкент» бастауыш партия ұйымы мен демеушілер тарапынан ауылдағы 10 отбасыны көмірмен қамтыды.Ауыл тұрғындары Nur Otan партиясы Сайрам аудандық филиалына алғыс айтты.