Түркістан облысында Киелітас елді мекенінің әлеуметтік тұрмысы төмен, жалғыз қалған 1963 жылы туған А.Головконың екі көзі көрмейді.
Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Д.Омаровтың демеушілігімен өз қаражаты есебінен 3 рет аймақтық диагностикаға тексертіп, мүгедектікке шығуға құжаттарды реттестіруге көмек көрсетті.А.Головконың мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін құжаттарын реттеп, І топ мүгедектікке шығуына өз үлесін қосып, дайын құжаттарды табыс етті.
Көмекке мұқтаж А.Головко Nur Otan партиясына шексіз ризашылығын білдірді.