Nur Otan: тұрғындардың өтінішінен кейін ауылдағы жолдарды жөндеп жатыр
Nur Otan: тұрғындардың өтінішінен кейін ауылдағы жолдарды жөндеп жатыр
157
оқылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылының тұрғыны Самат Дүкенбаев Nur Otan партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымовтың қабылдауында болып тұрғындардың өтінішін жеткізген болатын. Аманкөл ауылының көшелеріне автомобиль жолына жөндеу жұмысын жүргізуді сұрады.

Өтініш иесін қабылдаған Nur Otan партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымов аталған мәселенің «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Nur Otan  партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша Жол картасында жоспарланғанын, алдағы уақытта бұл мәселе оң шешімін табатынын жеткізді. Тұрғынның өтініші құзырлы мекеме басшыларына жолданды.    width= Биыл Ұлттық қордан – 155,6 млн, облыстық бюджеттен 17,290 млн теңге қаражат бөлініп, Аманкөл ауылының  көшелеріне автомобиль жолына орташа жөндеу  жұмысы басталды.

Автомобиль  жолына  жөндеу  жұмысын  «Zhappas Company» ЖШС жүргізіп жатыр.