Головкиннің кезекті жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді?

Головкиннің кезекті жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді?

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA Super чемпионы жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы айқасты Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсететін болды.

   

Айта кетейік, Головкин мен Мурата арасындағы айқас 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді. Бұл кездесуді DAZN стримингтік сервисі тікелей эфирде көрсетеді. Ал жекпе-жек Сайтама қаласындағы Saitama Super Arena спорт кешенінде ұйымдастырылады.