Белгілі қоғам қайраткері Дәулет Сембаев өмірден өтті
Белгілі қоғам қайраткері Дәулет Сембаев өмірден өтті
262
оқылды

Белгілі металлург, қаржыгер, қоғам қайраткері Дәулет Хамитұлы Сембаев өмірден өтті.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлеуметтік желіде жазды. «Дәулет Хамитұлы Сембаев дүниеден озыпты... Ғаламат адам, ғаламат азамат еді...», – деп жазды Айдос Сарым. Дәулет Хамитұлы Сембаев  1935 жылы 10 тамызда  Алматы қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ тау-кен-металлургиялық институтын бітірген, инженер-металлург.
  • 1958-66 жж. - С.М. Киров атындағы Алматы машина жасау зауытында құю цехының технологы, қара металл құю учаскесінің аға шебері.
  • 1966-75 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау бөлімінің басмаманы, бөлімшесінің бастығы - бөлім бастығының орынбасары, еркін бөлім бастығының орынбасары.
  • 1975-79 жж. - ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
  • 1979-83 жж. - ҚазКСР Министрлер Істерін Басқарушысының орынбасары.
  • 1983-90 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, еркін бөлімінің бастығы, төрағасының орынбасары.
  • 1990 ж. - ҚазКСР Президенттік кеңесінің мүшесі
  • 1990-91 жж. - ҚазКСР Жоғары экономикалық кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1991-93 жж. - ҚР Премьер министрініңорынбасары, 1-ші орынбасары.
  • 1993-95 жж. - ҚР Ұлттық банкініңтөрағасы - ҚР Министрлер Кабинетінің мүшесі.
  • 1995-97 жж. - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 1997-99 жж. - «АБС-Балқаш» таукен компаниясы» ААҚ Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1999-2002 жж. - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2002 жылдан  «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.