«Дипломмен ауылға» жобасына мемлекеттік қызметкерлерді тарту ұсынылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде мемлекеттік қызмет бойынша түзетулерді таныстырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz. «Дипломмен ауылға» жобасына мемлекеттік қызметкерлерді де тарту ұсынылады. Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде жергілікті атқарушы органдарда кадр тапшылығы байқалуда, – деді Дауешов. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет мәселелеріне бұл түзету ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында енгізілген. «Бұл бастама Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен мақұлданды», –деп түсіндірді ол.