Pfizer вакцинасын ақша төлеп, салдыруға бола ма?
Pfizer вакцинасын ақша төлеп, салдыруға бола ма?
Фото: leadership.ng
300
оқылды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару ұсынысын қолдады, – деп жазды inform.kz.

«Бүгінде коронавирусқа қарсы екпенің 1-компонентін 8,5 миллионнан астам адам алды. 2-компонентті 7,8 млн адам салдырды. Тұрғындарды вакцинация және ревакциналаумен қамтамасыз ету қажет. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша вакциналауға жататын санаттарды кеңейтіп жатырмыз. Pfizer вакцинасы өңірлерге таратылды. Адамдардың таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу қолжетімді болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Ақпараттық түсіндіру және ревакцинация қағидаларын сақтауды сұраймын», – деді Үкімет басшысы.

Бұған дейін астанада Pfizer вакцинасын салдыруға болатын пункттер туралы жазған болатынбыз.