28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған
28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған
Фото: kapital.kz
247
оқылды

Түркістан облысында 300-ден астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған.

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты.

«Жалпы учаскелік комиссия жіберген қателік салдарынан 300-ден астам отбасына 28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған. Қазір соның 14 миллионы кері қайтарылды. Заңсыз қаржы толығымен кері қайтарылуы керек, – деді Әсия Темірбаева.

Биыл Түркістан облысында 41,5 мың отбасына 11,2 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы балаларына әлеуметтік пакет берілген.

Бұған дейін балаларға берілген әлеуметтік пакет ішіндегі азық-түліктің құрттап кеткені туралы жазған болатынбыз.