«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық кеңес мүшелері «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көрсетілген міндеттердің орындалуы бойынша жиын өткізді.
Күн тәртібінде өңірімізде шетелдік үлесі бар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, облыс тұрғындарының инвестициялық ахуалдың жақсаруына орай өмір сүру сапасының жақсаруы және өңіріміздің ұзақмерзімді 2016-2020 жылдар аралығында әлеуметтік-экономикалық даму барысы, жобалардың экологиялық қауіпсіздігі және Жетісу өңіріне инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Талқыға салынған әрбір мәселе бойынша тиісінше басқарма басшыларының орынбасарлары, жауапты мамандары баяндама жасап, толыққанды ақпарат берді.
Жиында өзекті мәселелер талқыға салынып қана қоймай, облыстық Индустриалды-инновациялық және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен салық департаменттері тарапынан бірқатар ұтымды ұсыныс айтылып, қабылданды.
«Ең басты мәселе – партияның республикалық, облыстық Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалап, сапалы орындалуы талап етіледі.
«Жалпы, облыс бойынша биыл шетелдік инвестицияның қаржыландыруымен 26 жоба жүзеге асырылып жатыр, нәтижесінде өңірде 5 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болды. Бұл көрсеткіш өңірдің инвестициялық жай-күйінің жақсаруына үлкен үлес қоспақ»,– дейді облыстық өңірлік кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Руслан Қожасбаев.
Отырысқа сондай-ақ кеңес төрағасының орынбасары Виктор Тен, облыстық, аумақтық филиалдардың аталмыш кеңес мүшелері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.