Түркістан облысында ұрланған 150-ден астам жылқы мен сиырды сатқан ер адам ұсталды
Түркістан облысында ұрланған 150-ден астам жылқы мен сиырды сатқан ер адам ұсталды
Фото: adilettv.kz
174
оқылды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Рolisia.kz-тің жазуынша, полицейлер 1,5 жыл бойы іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады.

Екі тәулікте облыс көлемінде екі қылмыстық топ ұсталды. Оған қоса, бұрын жасалған мал ұрлығы ашылды. Атап айтқанда, ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) және ҚР ҚК-нің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) баптары бойынша 1,5 жыл іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол ұрланған малды өз пайдасы үшін сатып отырған.

Күдікті 2019 жылы Түркістан және Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Бұл қылмыстық топ құны 70 миллион теңгеден астам 150-ден астам жылқы мен сиырды сатқан. 19 мал ұрлығына қатысы бар. Осыған дейін бес күдікті ұсталған. Қылмыстық топтың күдікті алтыншы мүшесі, яғни малды сатумен айналысқан ер адамға қатысты іздеу жарияланған. Жедел уәкілдер 1,5 жылдан соң іздеудегі күдіктінің жүрген жерін анықтады. Байқоңыр қаласындағы жалдамалы пәтерден ұстап, Кентау ҚПБ-ға жеткізді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.