2022 жылы 20-22 мамырда Ұлыбританияда өтетін композиторлардың International Composers Festival атты халықаралық фестивалінің ашылуында Еркеш Шәкеевтің музыкасы шырқалатын болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы, композитор Поло Пиатти ресми түрде жариялады. Алғашында фестиваль бағдарламасына Remember Me, Zingarella және My Princess вальсі сынды үш композицияны қосу жоспарланған. Пандемияға байланысты фестиваль екі жыл қатарынан өтпегендіктен, қатысушылар саны артқан. Фестиваль ашылған күні Zingarella-ның бір композициясы шырқалады. Партитуралар АҚШ-қа оркестрді басқаратын әйгілі дирижер Даниэль Бутке жіберілді. «Бұл – менің шығармашылығым үшін таңғаларлық әрі маңызды оқиға, өйткені мен тікелей қатыспадым. Бірақ музыканы нағыз кәсіпқойлар бағалаған, ұнатқан, бұл - таңдаған жолымның қиындықтарға қарамастан, бәрі дұрыс келе жатқанының айқын белгісі», – деді Еркеш Шәкеев. Лондон фестивалінің ұйымдастырушылары бұл туындыны 2019 жылдың мамырында Алматыда өткен қайырымдылық концертінде, ұлыбританиялық пианист Оливер Пол ойнаған кезде тыңдаған. Еске салайық, Еркеш Шәкеевтің музыкалық туындыларын St' Lukes концерт залында Лондон симфониялық оркестрі, әйгілі Кадоган Холлда Корольдік филармониялық оркестр, London Metropolitan Orchestra, London Voices хоры, белгілі пианистер Максим Мрвица, Джон Ленехан, Оливер Пул, скрипкашы Хлоя Хэнслип, виолончелист Александр Бэйли орындаған.
Н.ОРАЗҒАЛИ.