Ашықтық және есептілік: «Nur Otan» 2,7 мың депутаттың рейтингін түзеді
Ашықтық және есептілік: «Nur Otan» 2,7 мың депутаттың рейтингін түзеді
369
оқылды
«Nur Otan» келесі жыл­дың ақпан айынан бастап депутаттардың жария рей­тингін іске қосады. Бұл ту­ралы өзінің Facebook парақ­шасында партия Төраға­сының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабар­лады. Оның айтуынша, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қыркүйектен бастап барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» фракциясының депу­таттарын кешенді түрде бағалау бойынша электронды платформа алғаш рет пилоттық режимде іске қосылды. Бұған дейін үлкен дайындық жұмысы жүргізілген: Депутаттар рейтингін қалыптастыру ережесі әзірленіп, ол Саяси кеңес бюро­сының шешімімен бекітілді, ақ­параттық жүйе жасалды, деректер базасы цирфлан­ды­рылды және тағы басқалар. Рейтингті ендіру билеуші пар­тиядан сайланған депутат­тардың қызметін жандандыруға, халықпен кері байланысты күшейтуге және жергілікті жер­лерде сайлауалды уәделердің іске асырылу тиімділігін арт­тыруға жүйелі серпін бергенін айтқан Бауыржан Байбек 217 сайлауалды бағдарламаға қоғам­дық-партиялық мо­ниторинг жүргізуге 2,7 мың депутат дербес жауап беретінін еске салды.
«Елбасы, партия Лидері Н.Назарбаев атап өткендей, «Бүгінде қоғамның депутаттарға қоятын талабы ерекше: олар азаматтардың мүддесі мен еркін қорғап, қоғам мен мемлекет арасындағы «көпір» болуы тиіс». Сондықтан аймақтарға сапар аясында өңірлік сайлауалды бағдарламалардың орындалу және рейтинг жүйесін ендіру барысын талқылау үшін «Nur Otan» депутаттарымен топтық жиналыстар өткіздім. Өңірлер­ден түскен ұсыныстарды ескере отырып, рейтингті жетілдіру бойынша өзгерістер пакеті әзір­ленді. «Nur Otan»-ның Сая­си кеңесі бюросының шеші­мімен пы­сықталған ереже бекітіл­ді», – деді ол.
Партия Төрағасының Бірін­­ші орынбасары атап өткендей, енді рейтинг «Nur Otan» депутат­та­рын, мәслихаттардағы хатшы­лар мен фракциялар басшыла­рын қызметінің айқындығы мен есеп­тілігіне бағытталған медиа бел­сен­­ділікке және жұмыстың түп­кі­лікті нәтижелеріне бағдар­лайды. «Келесі жылдың ақпан айы­нан бастап нұротандық депутат­тардың рейтингі жария форматта жүргізіледі. Кез келген адам қа­лауынша нақты уақыт режи­мінде халық қалаулыларының жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді шешу үшін сұрақтар қойып, жауап ала алады. Бұл қадам Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжырым­да­масын нақты іске асыруға және мемлекеттік жүйенің ары қа­райғы ашықтығы мен жария­лылығы бағдарына жол ашатын болады», – деп түйіндеді Бауыржан Байбек.

Ерке ЕРҚОҢЫР