Жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталады
Жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталады
436
оқылды
«Nur Otan» партиясы Шы­ғыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту бойын­ша өңірлік қоғам­дық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орын­басары Айгүл Байжанова, кеңес мүшелері және басқарма өкілдері қатысты. Отырыс­тың күн тәрті­бінде «Nur Otan» партия­сының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағ­дар­ла­­мас­ын іске асыруға арналған Жол картасының білім-ғылым саласына арналған тармақтарының орындалуы талқыланды. Сонымен қатар 646 мектепті жаңа модификация кабинеттерімен жаб­дықтау, білім беру мекемелеріне жазу­дың бірыңғай электронды жүйесін және мектептердегі озық smart-ше­шім­дерді енгізу, одан бөлек Зайсан, Тарбағатай аудандарындағы білім ошақтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселелер қаралды. Ол бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухинаның баяндамасы тыңдалды. «Nur Otan партиясының «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында мектеп инфрақұрылымын дамытуға және мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ба­сымдық берілген. Осы бағдарламаны орындау шеңберінде 2025 жылға дейін 647 жаңа пән кабинетін сатып алу міндеті қойылды. Бүгінде облыс мектептеріне 1 млрд теңгеге 250 пән кабинеті сатылып алынды. Оның 82-сі химияға, 87-сі физикаға, 81-і биология кабинетіне тиеселі», – деді Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина. Осы жылы Зайсан ауданы бойынша 5 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыс­тары, Тарбағатай ауданы бойынша 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Би-Барыс КӨКШЕ