ЕАЭО елдерінің азаматтары одаққа енетін өзге мемлекетте де кредит рәсімдей алатын болады.
Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Ресейдің премьер-министрі
Михаил Мишустин айтты.
«Қаржылық нарықты жақындастыру бағытында батыл қадамдар іске асырылып жатыр. Отырыста мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. «Бестік» өкілдері одақ көлемінде займ алу бойынша тең құқыққа ие болады. Сонымен қатар банктер клиенттің кредиттік тарихын жеке куәлігінің өзге елдікі болғанына қарамастан тексере алады және кредит туралы шешім шығарады», – деді ол.