Елімізде 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ерекше бақылауға алынды
Елімізде 38 адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ерекше бақылауға алынды
ktk.kz
385
оқылды
Қазақстанда 38 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен медициналық мекемелерде санитарлық бақылауға алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазіргі уақытта медициналық мекемелерге коронавирус ауруын жұқтырды деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 16 адамның диагнозы расталмаған, олар сауығып, жазылып шықты. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханаларындағы стационарларда 38 адам санитарлық қадағалаудың ерекше жағдайында тұр", - деді Біртанов. Министрдің айтуынша, диагностика жүргізу жалғасып жатыр. Алматыда аса қауіпті инфекциялар ғылыми ұлттық орталығы базасында Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп ДДСҰ әдістемесі бойынша коронавирустың генетикалық диагностикасы жолға қойылған. Зерттеулер жүргізіліп жатыр. Соған байланысты емдеу шаралары жүргізілетін болады. 29 қаңтарда бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қытайдан келген 35 адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтарға дәрігермен байланысып, емханаға қаралу керектігін айтты.