Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов 9-қабаттан әйел 3 баласымен секірген жерге келді.
Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағынауданында болған.«Отбасы мамыр айынан бастап үй жалдап тұрған. 2014 жылы үйленген жақсы отбасы. Ерлі-зайыптылар бұрын сотталмаған», – деді Абдрахманов.Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.