Алматы қаласы Жетісу-1 шағынауданында 28 жастағы әйел үш баласымен бірге тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
Оқиға салдарынан әйел мен кішкентай үш бала да қайтыс болды. Үшеуі оқиға орнында көз жұмса, балалардың бірі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Олардың үлкені 2015 жылғы, екіншісі – 2016, үшіншісі – 2019 жылғы сәби.
«Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді» делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысында бір күн бұрын із-түзсіз жоғалған отбасының 3 мүшесі батпақтан өлі күйінде табылғанын хабарлаған болатынбыз.