Базардан арақ-шарапты қолдан жасайтын қойма табылды
Базардан арақ-шарапты қолдан жасайтын қойма табылды
Фото: m.censor.net
288
оқылды

Қоймада 2019 жылдан бері арақ-шараптың 40-тан астам түріне жалған жапсырма жапсырып, заңсыз сатқан. Экономикалық тергеу департаментінің мамандары көлеңкелі бизнес салдарынан мемлекетке 25 миллион теңге шығын келгенін айтады.

Қойманы әйел басқарған. Сот шешімімен оның 1 жылға бас бостандығы шектелді. Қоймаға шикізат жеткізіп отырған цехтың да жұмысы тоқтатылып, иесіне айыппұл салынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша биыл өңірде алкоголь өнімінен 240 адам уланып, қайтыс болған.
Қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Жұпар Мамытова: «Жалпы, жыл басынан бері көлеңкелі айналымнан 20 мың бөтелкеден астам дайын суррогатты алкоголь өнімдері 2020 жылы – 9 есе аз, 3 мыңнан астам этил спирті, 20 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркілері тәркіленді», – деді.

Бұған дейін шатырда есірткі өсірген жұмысшылар туралы жазған болатынбыз.