COVID-19: бір тәулікте 30 адам көз жұмды
COVID-19: бір тәулікте 30 адам көз жұмды
Фото: newssummedup.com
259
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды.

Атап айтқанда, 22 қарашада пневмония 150 адамнан анықталып, 4 адам көз жұмды. Аурудан 288 адам емделіп шықты. Жалпы, былтыр 1 тамыздан бері ауырғандардың жалпы саны – 82 127 адам. 5129 науқас қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны – 72 994. Ал 23 қарашада коронавирус 905 адамнан анықталды, 26 адам көз жұмды. Былтырдан бері 966 423 адам ауырды, 929 120-сы емделді, 12 603 адам қайтыс болды.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Алайда екі облыс әлі де «қызыл» аймақтан шықпады.