Алматыда ет бағасы арзандайды   
Алматыда ет бағасы арзандайды   
405
оқылды

Қазіргі уақытта қалалық әкімдік әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі  азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша іс- шараларды қолға ала бастады. Оның ішінде сиыр етіне қатысты бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда.

Осылайша, берілген айналым қарыздары шеңберінде Магнум сауда желісінің сөрелерінде, сондай-ақ «Asyl Meat» ЖШС-не қарасты 6 фирмалық дүкенде сиыр етінің бағасы 2050 теңге болып белгіленді. Сонымен қатар, әлеуметтік дүкендер  үлгісі бойынша қаладағы  «Жұлдыз»   және «Орбита» базарларында  «Ет дүкендері» іске қосылды.  Ол жерде де ет  осы белгіленген 2050 теңгеден сатыла бастады. Бұл орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен (ДС-2396 тг/кг). Бастаманы ұлғайту мақсатында  алдағы уақытта «Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында  осындай дүкендер ашу жоспарлануда.

Алматы