Мобильді төлемдерге қатысты заң қабылданды
Мобильді төлемдерге қатысты заң қабылданды
Фото: twitter.com
381
оқылды

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

Заңға сәйкес, бұдан былай «мобильді төлемдер» түсінігі енгізіледі.
«Мобильді төлемдер» түсінігін анықтау, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысулар кезінде онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануды заңдастыру, кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуге арналған жеке шоттарды пайдалануға міндеттеу, банктерді мемлекеттік кірістер органдарына тиісті мәліметтерді беру ұсынылады», – деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев.

Бұған дейін банк қосымшасы арқылы туысына ақша аударса, салық төлейметіні туралы жазған болатынбыз.