Синоптиктер ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жариялады
Фото: inbusiness.kz
189
оқылды

Синоптиктердің айтуынша, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласында желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с. 25-26 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. 26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 25 қарашада, тәулік бойы 26-27 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады солтүстікке ауысады, облыстың шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түркістан облысының солтүстік, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Көктайғақ болады.