Ақмола облысында тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Ақмола облысында тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
462
оқылды
Ерейментау қаласының Өрнек ауылына жақын тұста тікұшақ мәжбүрлі жағдайда жерге қонды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазәуеқұтқару» акционерлік қоғамына тиесілі МИ-8АМТ тікұшағы шұғыл медицина Ұлттық үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша Нұр-Сұлтан-Екібастұз бағытымен ұшып келе жатып, Нұр-Сұлтан қаласынан 100 шақырым қашықтықтағы Өрнек ауылының тұсына қонуға мәжбүр болған. «Қазәуеқұтқару» акционерлік қоғамының мәліметінше, тікұшақ бортында 5 адам болған. Оның екеуі дәрігер.
«Алдын ала болжам бойынша қонуға оң жақ қозғалтқыштың дірілдеуі себеп болған. Тікұшақ жерге сәтті қонды. Зардап шеккендер жоқ. Дәрігерлер мен тікұшақ экипажы резервті әуе кемесімен жеткізілді», – дейді «Қазәуеқұтқару» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
МИ-8АМТ тікұшағының кепілдік мерзімі бар. Өндіруші зауытпен бірге әуе кемесінің инспекциясы жүргізілмек.