Жастарға мүмкіндік мол
Жастарға мүмкіндік мол
485
оқылды

Қазақстан жастар конгресі өзін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың салмақты серіктесі ретінде көрсете білген, ауқымды халықаралық, республикалық және өңірлік жобаларды іске асыратын, сондай-ақ қауымдастық атынан республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін әрі үйлестіретін, елдегі ең ірі жастар ұйымы. «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы ЗТБ кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева.

Конгрестің барлық жобасы жастарға, бүгінгі заманның өскелең ұрпағына арналған. Соның ішінде журналистика, кәсіпкерлік, ұлттық мұра, IT-технологиялар саласында білім беруге бағытталған. Соған қарай жастарымыз да жастар заман талабына біліктілігін арттыруда. Сондықтан конгрес жалпы жастар пулына айналды. Сөйтіп, олардың түрлі кәсіпті игеруге көмектесіп, өз елінің белсенді азаматы болуды атсалысып жатыр. жастар Атап айтар болсақ, Еlbasy medali республикалық бағдарламасы 14 пен 29 жас аралығындағы жас әрі талантты қазақстандықтарға арналған. Оның ішінде спорт, өнер, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, туризм және еңбек тәжірибесі секілді 7 бағыт кірген. Қазақстан жастар конгресі бұл жобаны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2021 жылдың наурыз айынан басталған. Қазақстан жастар Конгресінің атқарушы директоры Тохтар Болысовтың айтуынша, өзін-өзі дамытуға  арналған экожүйе – JANARU жобасы аясында (janaru.jascongress.kz) онлайн платформасы әзірленді. SMM, web-әзірлеу, менеджмент, дағдыларды дамыту мақсатында 4 бағыт бойынша бейнероликтер орналастырылды. жастар «Басты міндетіміз – жастарды бүгінгі күннің қажетті дағдылары мен мамандықтарға оқыту. Бейне курстан өту қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық тәжірбиеден өтеді. Әрбір қатысушы үшін жеке электрондық портфолио жасалады.   ҚЖК қызметінің маңызды аспектісі – халықаралық серіктестермен жұмыс істеу. Сол арқылы серіктестік қарым-қатынасты орнату және күшейту – біздің еліміздің жастарына халықаралық жобаларға қатысуға, шетелдік сарапшылардан үйренуге, тәжірибе алуға және білімімен алмасуға мүмкіндік береді. Сондықтан конгресс ТМД-ға қатысушы елдердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшесі, ШЫҰ Жастар кеңесінің мүшесі, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық қауымдастығының Вице-президенті, «Түркі кеңесі» жастар платформасының Вице-президенті, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің жастардың өзін-өзі басқару органдары қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі болып табылады», – дейді Қазақстан жастар Конгресінің атқарушы директоры Тохтар Болысов. жастар Сонымен қатар қауымдастық ретінде Қазақстан жастарының Конгресі өңірлік және республикалық деңгейлерде ҮЕҰ мәртебесін күшейту бойынша белсенді жұмыс жүргізе отырып, жастардың мүдделерін мемлекетпен ашық сұхбатта  білдіреді. Мысалы, 2018 жылы Қазақстан жастар Конгресінің қауымдастығына 4 ұйым кірді. Түрлі форматтағы жобаларды іске қосу (2018-2021 жылдары бойынша 13 жоба мен 30 іс-шара) және қызметі жүйеленді. Бүгінде Конгресс құрамына кіретін қауымдастық мүшелерінің саны 108 ұйымға дейін өсті, оның ішінде Жамбыл облысында 3 жастар ұйымы бар. жастар

– Осылайша, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен меморандумдар жасасу арқылы біз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы бірлескен қызметтің перспективасын қалыптастырамыз. Сондай-ақ жергілікті жерлерде ҮЕҰ-ның жұмыс істеуінің маңыздылығын арттырамыз. Біздің бастамамызды Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы қолдады. Меморандумдар әкімдер атынан әкімдіктермен жасалды. Қазір бірлескен жобалардың жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жалғасын табуда, – дейді Тохтар Болысов.

Жалпы, жастар арасында салауатты өмір салтын жүргізу – бүгінгі күннің басты талабы. Ел ішінде, әсіресе жастар арасында есірткіге тәуелділікке түспей, түзу жолды табу мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты республикалық қозғалысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар Menin Armanym корпоративтік қоры хәл үстінде жатқан, емі табылмаған 3 пен 18 жас аралығындағы балаларды қолдау ниетінде армандарын орындауға бел буған. Мұндай қайырымды іс-шараның арқасында әр баланың өмірге деген құштарлығы оянады. Оларға жақсы көңіл күй сыйлайды. Бір жыл ішінде Қор ауыр және емделмейтін ауруы бар 80-нен астам баланың арман-тілегін орындады.