Бауыржан Байбек Қазақстанның партиялық-саяси жүйесі эволюциясына арналған халықаралық форумды ашты
Бауыржан Байбек Қазақстанның партиялық-саяси жүйесі эволюциясына арналған халықаралық форумды ашты
©Nur Otan баспасөз қызметі
260
оқылды

Елордада Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты екі күндік халықаралық форум өз жұмысын бастады.

600-ден астам шетелдік және отандық сарапшылар, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың және 15 елдің, оның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзірбайжан және Орталық Азия дипломатиялық корпусының өкілдері сайлау жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін, заманауи электоралдық трендтерді, дәстүрлі және балама идеологиялардың келешегін талқылау үшін панельдік сессияларға қатысады. Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұл кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. – Біздің еліміз осы уақыт аралығында ғасырға татитын үлкен жолды жүріп өтті. Ауыр сынақтарды еңсере отырып, халқымыз мемлекеттілігін қайта жаңғыртып, өзінің ғасырлар бойғы Тәуелсіздік туралы арманын ақиқатқа айналдырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жете ойластырылған батыл реформалары қысқа уақыт ішінде халықты ұйыстырып, болашаққа деген үміт пен сенім ұялатты. Орнықты экономикасы бар табысты, бейбітсүйгіш мемлекет құруға мүмкіндік берді, – деді Бауыржан Байбек. https://youtu.be/AN7sYetuzIc Ол Қазақстанның 30 жылдық дамуының басты жетістіктері ретінде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей полигонын жабу, еліміздің жаңа астанасының салынуы мен ежелгі Түркістанның қайта түлеуі, барлық мемлекеттермен тату қарым-қатынас орнатып, 15 мың шақырым мемлекеттік шекараны бекіту, экономиканы нарықтық трансформациялау бойынша жүргізілген түбегейлі реформалар және Ұлттық қор құру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына бөлінген ауқымды инвестициялар, халық санын ұлғайту сияқты т.б. оң істерді атады. Оның айтуынша, бұл жетістіктердің барлығы қауқарлы мемлекеттік қоғамдық-саяси институттардың, дамыған адам капиталының, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жақсаруының, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында жолға қойылған Nur Otan партиясы секілді үстем саяси күші бар көппартиялық жүйенің арқасында мүмкін болып отыр.