Байбек билеуші партиялар арасындағы ынтымақтастық ерекше маңызға ие екенін жеткізді
Байбек билеуші партиялар арасындағы ынтымақтастық ерекше маңызға ие екенін жеткізді
©Nur Otan баспасөз қызметі
294
оқылды

Қазіргі проблемалардың жаһандық сипаты бүкіл мемлекеттердің өзара тығыз қарым-қатынас жасап, үйлесе әрекет етуін талап етуде. Осы жағынан алғанда, билеуші партиялар арасындағы ынтымақтастық ерекше маңызға ие. Бауыржан Байбек Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумында партиялардың ғана емес, сонымен бірге мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға да өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Форум спикерлерінің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дәурен Абаев болды. Ол өз сөзінде Nur Otan Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың билеуші партияның төрағасы өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы таяудағы шешімі партиялық жүйе эволюциясының маңызды кезеңдерінің бірі болғанын атап өтті. – Осынау парасатты шешім Қазақстан халқы тарапынан қолдау тапты. Бүгінде біз Мемлекет басшысының жетекшілігімен оның «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты саяси ұраны аясында алға қарай қарқынды қадам басудамыз, – деді Дәурен Абаев. Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының Бас хатшысы Чо Бён Чжэ өз сөзінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы жетістіктеріне тоқталды. – Еуразияның ортасында орналасқан сіздердің елдеріңіз көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуде. Осының арқасында Қазақстан көршілерімен ғана емес, сонымен бірге батыс елдерімен де жақсы қарым-қатынаста. Қазақстан халықаралық ұйымдармен, басқа да партиялармен сындарлы диалог орнатты. Осылайша, Nur Otan партиясы халықаралық қатынастар локомотивтерінің бірі қызметін атқаруда. Қазіргі кезде пандемияға байланысты сын-қатерлерді еңсеру міндеті тұр. Билеуші партия табысты ішкі саясат жүргізетініне де сенімдімін. Осы форум жаһандық сын-қатерлерді жоюға бағытталған пікір алысуға жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді Чо Бён Чжэ. «Единая Россия» партиясының Бас кеңесі Хатшысының орынбасары Андрей Климов өз кезегінде Қазақстан мен Ресейдің билеуші партиялары арасындағы достық байланыстарды атап өтті. – Көптеген мәселелер жетекші саяси күштердің тәжірибесін ескере отырып, шешіледі. Біз өз тарапымыздан Nur Otan партиясының праймериз өткізу тәжірибесін, жастар қанатын дамытуын, азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін онлайн-ресурстарды пайдалануын және алаңында осы форум өтіп жатқан Қоғамдық саясат институтының жұмысын мұқият қарап отырамыз, – деп атап өтті Андрей Климов. [caption id="attachment_173184" align="alignnone" width="1200"]ынтымақтастық ©Nur Otan баспасөз қызметі[/caption] Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитетінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Цянь Хуншань екі елдің билеуші партиялары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға сенім білдірді. – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Біз ел халқының өз тарихи мәдениеті мен мұрасын жадында сақтап, құрметтейтінін, сонымен бірге экономикалық және саяси дамуын қамтамасыз етіп отырғанын көріп отырмыз. Nur Otan партиясы құрылған сәтінен бастап шын мәнінде бірқатар тарихи реформаларды іске асырды. Біздің мемлекеттеріміз екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде партиялық деңгейде дамытуды жалғастыра беретініне сенімдімін, – деді Қытай Коммунистік партиясының өкілі. Түркияның Әділет және даму партиясы Төрағасының орынбасары Эфкан Ала билеуші партияның Қазақстанның қазіргі келбетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды. – Түркия мен Қазақстан – тарихи тамыры терең бауырлас елдер. Біз қашанда Қазақстанның салыстырмалы түрде қысқа 30 жылғы кезеңде қол жеткізген табыстары мен дамуын мақтан тұтамыз. Қазақстанның аты тұрақтылықпен астасып жатыр. Әрине, мұнда билеуші партияның рөлі зор. Біздің бәріміз елдің экономикалық игіліктеріне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қол жеткізілгенін байқап отырмыз. Жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жалғастырылып жатқан реформалар бұдан да зор жетістіктерге бастайтынына сенімдімін, – деді Эфкан Ала. https://youtu.be/AN7sYetuzIc Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) Еуропалық консерваторлар мен демократиялық альянс топтарының Бас хатшысы Том Ван Дайк Nur Otan партиясының елдің партиялық-саяси жүйесін қалыптастырудағы рөліне өз бағасын берді. – Партия құрылғаннан бергі 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның саяси ландшафтында нық орнықты. Алайда бұл саяси ландшафт Қазақстанда ғана емес, барлық өңірде, әрине, батыс әлемінде де түбегейлі өзгеруде. Nur Otan жаңа сын-қатерлерге жауап беру бағытында белсенді жұмыс істеп, праймериз секілді демократияның маңызды құралдарын пайдаланып жатқанын көріп отырмыз. Саяси қызметте әйелдер мен жастарға барынша қолдау көрсетіліп, партиялық тізімдерде 30%-тік квота көзделген. Еуропа Кеңесінің 15 мемлекетінің парламенттерінде гендердік теңдік деңгейі Қазақстандағыдан төмен деп айта аламын. Партияны халықпен онлайн ресурстар арқылы тікелей коммуникация жасау жүйесі арқылы дамыту да – игі нышан. Тек бір жылдың ішінде партия филиалдары 400 мың өтінішті қараған. Бұл мыңдаған адамның партияға деген сенімін білдіреді, – деді Том Ван Дайк. Республикалық партияның АҚШ Өкілдер палатасының экс-мүшесі Курт Уэлдон саяси партиялардың және басқа да қоғамдық-саяси ұйымдардың рөлі өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені олар мемлекеттік институттарды азаматтық қоғам институттарымен байланыстыратын механизм ретінде әрекет етеді. – Олардың арасында Қазақстанның ең ірі партиясы – Nur Otan-ға жетекші рөл беріледі. Бүгінде біз Қазақстанның межеленген саяси реформаларда, оның ішінде партиялық құрылыс жағынан дамып келе жатқанын көріп отырмыз, – деп атап өтті Курт Уэлдон өз сөзінде. Ұлыбританияның Консервативтік партиясының өкілі, Лордтар палатасының мүшесі Джеймс Уортон Nur Otan партиясының демократия мен ортақ құндылықтарды дамытудағы жетістіктері бойынша өз әсерімен бөлісті. – Бұл құндылықтар қазіргі мақсаттары мен болашаққа жасаған жоспарларында айқын көрінеді. Праймериз – біз соңғы жылдары Ұлыбританияда енгізіп жатқан саяси құрал. Өз даму жолдарыңызда осынау жаңа үрдістерге араласа отырып, біздің демократия бойынша алған сабақтарымызды сіздер де игеретіндеріңізге сенімдімін. Партиялық тізімдерде квотаны көздейтін гендерлік саясат та – ұзаққа бағытталған жоспарлардың көрінісі. Мұның бәрі біздің арамызда тығыз ынтымақтастық орнатуға қажетті тоғысатын тұстарымыз көп екенін білдіреді, – деді Лорд Джеймс Уортон.