Тұңғыш Президент күні қарсаңында мыңнан астам қазақстандық Nur Otan-ның қатарына қосылды
Тұңғыш Президент күні қарсаңында мыңнан астам қазақстандық Nur Otan-ның қатарына қосылды
©Nur Otan баспасөз қызметі
301
оқылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші партияның қатарын түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты қазақстандықтар толықтырды.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, осы күні «Nur Otan» партиясына 1,4 мыңнан астам азамат кірген. Бүгін партия билетін алғандардың арасында – дәрігер-рентгенхирург, Қостанай облыстық ауруханасының ангиография кабинетінің меңгерушісі Болат Қанапин бар. Ол партия сайлауалды бағдарламасының арқасында Қостанайда 200 төсек-орынға арналған инфекциялық орталық салынғанын, ал облыстық аурухана томографтар, наркоз-тыныс алу аппараттары сияқты заманауи жабдықтар алғанын атап өтті. «Қазір дәрігерлерге пациенттердің денсаулығы үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Біз әрқашан «Nur Otan»-ның қолдауын сезініп келеміз. Бұл дәрігерлердің жалақысын көтеру, жалпы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, оқу гранттарын көбейту сияқты және тағы да басқа оң өзгерістер түрінде көрініс табуда. Қолға алынып жатқан үлкен істерге араласып, қоғамдық өмірге өз үлесімді қосу үшін партия қатарына кіруге шешім қабылдадым», – деп өз ойымен бөлісті Болат Қанапин. Тәуелсіздіктің құрдасы – Тараздан келген электровоз машинисі Жандос Қарғабаев та өз әсерімен бөлісті. [caption id="attachment_173231" align="alignnone" width="1200"]Тұңғыш Президент ©Nur Otan баспасөз қызметі[/caption] «Менің атам мен әкем де теміржолда жұмыс істеді. Елбасы айтқандай, білімге ұмтылу мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Біз, теміржолшылар, Тұңғыш Президент пен Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдаймыз және партия бағдарламаларын жергілікті жерлерде жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Маған берілген партиялық билет тек құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік», – деді Жандос Қарғабаев. [caption id="attachment_173232" align="alignnone" width="1200"]Тұңғыш Президент ©Nur Otan баспасөз қызметі[/caption] Осы күні «Астана Опера» опера труппасының директоры Азамат Жылтыркөзов, әнші Әйгерім Рақыш, журналист Қымбат Хангельдина, Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығының директоры Шымкенттен келген Дана Нұранова, бокс жаттықтырушысы, екі дүркін әлем чемпионы көкшетаулық Теміртас Жүсіпов, Алматы облысы Матай Баисов ауылының тумасы, Талдықорған қаласындағы робототехника мектебінің негізін қалаушы Дамир Нұркежанов,, атыраулық геофизик Жәнібек Катренов, қарағандылық шахтер Сергей Суханов, Қызылорда облысы Дүр Оңғар ауылынан келген дихан Сағат Әбжәлиев, Маңғыстау облысы Жыңғылды ауылынан Айғаным Жолбаева, Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Анастасия Алиясова, Солтүстік Қазақстан облысы Озерное ауылының мұғалімі Асыл Ахметова және Түркістан облысынан келген актер, Jaidarman ойындарының чемпионы Нұрсұлтан Үсенов партия билеттерін алды.