«Ел тірегі – Елбасы» атты салтанатты жиын өтті

«Ел тірегі – Елбасы» атты салтанатты жиын өтті

Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» атауымен Шымкент қаласында салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеште ұлт Көшбасшысының еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап, мемлекеттің дамуы мен өркендеуі жолындағы ерен еңбегі жайлы «Елбасы жолы» бейнефильмі көрсетілді. Экономиканы нығайтып, ішкі келісімді бекемдеп, өзге елдермен дипломатиялық байланыстар орнатудағы Елбасының іскерлігі мен кемеңгерлігі ерекше аталды. Мерекеге орай өткізілген салтанатты жиында Шымкент қаласы­ның дамуына үлес қосып келе жатқан түрлі сала мамандары қала әкімінің алғысхатымен марапатталды. Олардың ішінде көз жанарынан айырылып, зағип болып қалғанына қарамастан аула сыпырушы болып жұмыс істейтін Нұртілеу Жаналиев те бар. Ол шаһар­­дағы коммуналдық тазалық мекемесінде 11 жылдан бері үздік­сіз еңбек етіп келеді. Жігерлі жан мереке қарсаңында ерекше қуа­ныш­­­қа бөленгенін айтты. – Тазалықты сүйемін. Сондық­тан да аула сыпырушы болып еңбек етемін. Қаланың тазалығына үлес қосып келемін. Мен үшін бүгін үлкен қуаныш. Бұл – менің алғаш­қы марапатым, – дейді коммунал­дық тазалық мекемесінің жұмыс­шысы Нұртілеу Жаналиев. Атаулы кешке эстрада жұлдыз­дары да қатысып, елдік жолына арналған әндерді орындады. Кеш соңында «Жас Ұлан» мектебінің 100 сарбазы Елбасының сөзіне жазылған «Елім менің» әнін шыр­қады.

М.Хақназар