Теміртауда көрме ашылды
Теміртауда көрме ашылды
354
оқылды
Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өзгерістер уақыты» атты көрме ашылды. Экспозиция 1985 жылдан 1991 жылға дейінгі кезеңді, сондай-ақ одан кейінгі оқиғалар, Президент­тің алғашқы демократиялық сайлауы мен жас республиканың қа­лып­тасуының алғашқы қадам­дарын ашады. КСРО-дағы қайта құру кезеңіне тән көптеген құжат­тар мен экспонаттар ұсынылған. Атап айтқанда, көрмеге келушілер самогон аппаратын, жауынгер-интернационалистің берцы, тапшы тауарлар сөмкесін және азық-түлік талондарын көреді. Көрменің жеке бөлімі 1990 жыл­ғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымы құрылған сәттен бастап 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы демократия­лық сайлау өткізілгенге дейінгі та­рихи оқиғалар құжатын қайта жаңғыртқан. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдар­ламасының түпнұсқаларымен және Қарағанды металлургия комбинатының үгіт парақшалары­мен танысуға болады. Экспозиция­ның ерекше нысаны сайлау өткізу­ге арналған стенд болды. Интерактивті аймақ жас келушілерге – болашақ сайлаушыларға сайлау қағидаларымен танысуға мүмкіндік береді. Көрме 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Экспозиция үлкен білім жүктемесіне ие екенін ескерген жөн. Мұнда жоғары сынып оқушылары мен студенттерге тарих сабағын өткізуге мүмкіндік тумақ.

М.Жалғасұлы