«Кәсіпкерлер палатасынан қайтарымсыз ақша алып беремін» – алаяқ әйел Алматыда ұсталды
«Кәсіпкерлер палатасынан қайтарымсыз ақша алып беремін» – алаяқ әйел Алматыда ұсталды
Фото: polisia.kz
311
оқылды

Кентау қалалық ПБ-ның қызметкерлері «кәсіпкерлер палатасынан қайтарымсыз қаржыны шығарып беремін» деп екі тұрғынды алдаған күдікті әйелді ұстады.

Полицияға жәбірленуші екі ер адам арызданған. Олардың айтуынша, танысы «қайтарымсыз ақша алып беремін» деп біреуінен 220 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге ақша алған. Осылайша, оларды алты ай бойы алдап, ақшаны қайтармай жүрген. Факті ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқықбұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Полицейлер күдікті әйелді Алматы қаласынан ұстады. Оны бірден полиция бөлімшесіне жеткізді. Күдікті әйел – Қызылорда облысының тұрғыны. Екі адамнан алған ақшасын қажетіне жаратып жіберген.

Бұған дейін «Әр балаға 50 мың теңге жәрдемақы алып беремін» деген алаяқ ұсталған болатын.