Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті.
Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 1,52 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 435,72 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 434,16 теңге. Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 437,10 теңгеден сатылса, сатып алу – 438, 00 теңге.
Нұр-Сұлтанда доллар 436,78 теңгеден сатылса, сатып алу құны – 438, 12 теңге.
Бұған дейін теңгенің құнсыздануына қатысты Ұлттық банк өкілі пікір білдірген болатын.