Тәуелсіздікті тұрлаулы етудің жеті тұғыры
Тәуелсіздікті тұрлаулы етудің жеті тұғыры
595
оқылды
«Nur Otan» партиясы Ал­маты қалалық филиалында Елбасы Н.Назарбаев­тың «Ел­діктің жеті тұғыры» ат­ты қа­ғидаттар жинағы талқыланды. Отырысқа қалалық филиал басшылығы, депутаттар, фи­лиал жанындағы кеңес төра­ғалары және мегаполистің зиялы қауымы қатысты. Жиынды ашып жүргізген пар­тия­ның қалалық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев Елбасы нақтылаған «Елдіктің жеті тұғыры» ел тұтастығын нығайтып, жара­сым­­ды тірліктерді жалғасты­ра­тынын атап өтті. «Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ «Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық». Енді тек осы Тәуелсіз­ді­гімізді көзіміздің қарашығындай сақтап қалу тікелей өзіміздің және болашақ ұрпағымыздың қолында. «Мәңгілік ел» мұратын тұрлаулы етудің жеті тұғырын есімізге сал­ды. Бұл тұғырды тиянақтау мен тұл­ғаландыру – жаңа буынға ама­нат»,– деді Мейіржан Отыншиев. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев «Nur Otan» партиясы мемле­кетіміздің, соның ішінде шаһар­дың әлеуметтік-экономикалық маңыздағы басымдықтарын, бас­тамалары мен міндеттерін наси­хаттаудағы негізгі күш ретінде әрекет етіп келе жатқанын айтты. Мегаполистің партия мүше­лері отырыс барысында әрбір жеті ба­ғыт бойынша тұшымды пі­кірлерін білдірді. Мейіржан Отыншиев «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндіру жұмыста­рында партиялықтарға ақпарат­тық-насихат жұмыстарын күшей­тудің және айқындалған бағдарды әр қазақстандыққа жеткізудің маңызына назар ау­дарды.