"Шаңырақ" журналистер конкурсының қорытындысы жарияланды
"Шаңырақ" журналистер конкурсының қорытындысы жарияланды
772
оқылды
Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім жолымен» тележобасы қорытындысының тұсаукесері, сондай-ақ журналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Майя Бекбаева, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, журналистер клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.  width= Іс-шара барысында ҚХА «Бейбітшілік және келісім жолымен» фильмі көрсетілді. Тележобаның мақсаты еліміздің басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету болып табылады. Тұсаукесерде сөз сөйлеген Марат Әзілханов «Бейбітшілік және келісім жолымен» жобасы мазмұны мен мағынасы жағынан өте маңызды жоба екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, жоба Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі бірлік, бейбітшілік пен келісім саясатының стратегиялық сабақтастығын білдіреді, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі осы саясатты танымдық тревэл-шоудың жаңа форматында қорытындылауға жасалған талпыныстардың бірі болып табылады.  width= Ассамблея Төрағасының орынбасары аймақтардың, еңбек ұжымдарының, нақты адамдардың тағдыры арқылы фильм авторлары экономикалық, әлеуметтік және жанды адами мысалдарда бейбітшілік пен келісім саясатының эволюциясы мен нәтижелерін бақылағанын атап өтті. Оның айтуынша, өзін Қазақстанның азаматтары мен патриоттары ретінде сезінген түрлі этностар, жас және мамандық иелері бізге бұрынғы Кеңес Республикасының көпэтносты халқын Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас халқына біріктірудегі Ассамблеяның тарихи еңбегі мен рөлін айқын көрсетеді.  width= Фильмнің тағы бір маңыздылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының – Елбасы құрған институттың біріктіруші рөлін ашу болып табылады. Қорытындылай келе, М. Әзілханов бұл фильмді көргендердің бәрі өз елі үшін мақтаныш сезіміне бөленетініне, мемлекеттің ертеңі мен болашағына деген үлкен сенім сезінетініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ жобаның шығармашылық тобына алғысын білдірді. Тұсаукесер қорытындысы бойынша ҚХА Төрағасының орынбасары – Майя Бекбаева бастаған түсірілім тобының мүшелерін, медиа саладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ фильмнің түсіріліміне үлес қосқан аймақ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.  width= Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбына арналған үздік жарияланымдардың авторлары марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттайтын журналистерге қолдау көрсету мақсатында этножурналистика саласында республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауын өткізді. БАҚ өкілдерін келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен құттықтай отырып, ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға жәрдемдесетін, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамытуға үлес қосып жүрген журналистерге алғысын білдірді.