Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, елімізде бір аптада 3 004 қылмыс тіркелді, – деп жазады inform.kz.
Оның айтуынша, бір аптада Қазақстанда тіркелген 3 004 қылмыстың 2 046-ы тәулік ішінде ашылды. Полицейлер 18 кісі өлтіру, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 3 қарақшылық, 27 тонау және 449 бөтен мүлікті ұрлау дерегін әшкереледі.