Бидайдың орнына автокөлік пен жеміс-жидек: Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы қандай?
Бидайдың орнына автокөлік пен жеміс-жидек: Қазақстан мен Өзбекстанның тауар айналымы қандай?
Иллюстрация: А.Ахметқазы
463
оқылды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ол Қазақстан басшысымен сауда-экономика, инвестиция, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылмақшы. Aikyn.kz-те екі ел арасындағы тауар айналымы мен халық саны бойынша деректерді инфографикаға салып, салыстырды.

Жыл басынан бері Қазақстан Өзбекстанға 1,9 млрд АҚШ долларына тауар жіберген. Оның көбі бидай, қара металл, ұялы телефон және тағы басқа. Ал Өзбекстаннан Қазақстанға 735 млн АҚШ долларына тауар келген. Оның көбі жеңіл автокөлік, жеміс-жидек, көкөніс, киім, т.б. тауарлар. Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша, 1995 жылы Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 1288 АҚШ доллары болса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш – 586 АҚШ доллары болған. Ал 2018 жылы Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ – 9813 АҚШ доллары, Өзбекстанда – 1532 АҚШ доллары. Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша, 2019 жылы Қазақстандағы өлім-жітім көрсеткіші – 1000 адамға шаққанда 7,2 адам болса, Өзбекстанда – 4,6 адам.