Шу ауданының полиция бөліміне 44 жастағы ауыл тұрғыны 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шоқпар ауылына іргелес орналасқан жеке шаруашылықтан белгісіз біреу 16 бас қойды ұрлап, 550 мың теңге материалдық шығын келтіргеніне шағымданды.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер Шу қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындады.
Бұған дейін Жамбыл облысында көлік жүргізушісі бір отар қойды қағып кеткенін жазған болатынбыз.