«Алтын алқа» мен Күміс алқасы» бар аналар жәрдемақыны үйден шықпай-ақ ала алады

«Алтын алқа» мен Күміс алқасы» бар аналар жәрдемақыны үйден шықпай-ақ ала алады

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері болған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібі жеңілдеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері тиісті мемлекеттік жәрдемақы алады.
«Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында министрлік осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік берді. Әйелдер кезекте тұрмайды. Олар мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы уақытта және кез келген жерде алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді. Банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі», – деді вице-министр.
Биыл мемлекеттік жәрдемақыны проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны 9 мың адамға дейін өсті.

Бұған дейін әр балаға тағайындалған жәрдемақы туралы жазған болатынбыз.