Алматыдағы Бутаковка шатқалында құрылыс жүргізу үшін ағаштарды заңсыз кескен
Алматыдағы Бутаковка шатқалында құрылыс жүргізу үшін ағаштарды заңсыз кескен
© inform.kz
424
оқылды
С.С. Долматов есімді азаматтың жер телімін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде 5 ағаш кескенін анықтады. Алматының тау бөктерінде орналасқан Бутаковка шатқалында әлдебіреулердің ағаштарды заңсыз кесіп, орнына құрылыс нысанын жүргізбек болып жатқаны әлеуметтік желіде тараған еді. Аталған ақпаратқа қатысты Алматы әкімдігі түсініктеме берді.
«Жасыл экономика басқармасына әлеуметтік желілер арқылы Бутаковкада ағаштар кесіліп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Басқарма мамандары аталған орынға барып, С.С. Долматов есімді азаматтың жер телімін жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде 5 ағаш кескенін анықтады. Осыған орай құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиырма есе көп ағаш отырғызу туралы кепілхат алынды», – деді қала әкімдігінің өкілі Индира Бекболатқызы.