Мәңгілік Елдің мызғымас жеті тұғыры
Мәңгілік Елдің мызғымас жеті тұғыры
1,227
оқылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылау  жиынында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейірім Қалауи төрағалық етті. Жиында алғы сөз алған Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов «Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өткен жолымызды нақты мысалдарымен жазған естелік деп қабылдауымыз қажет. Өздеріңізге белгілі Елбасы, партия Төрағасы еліміздегі жетекші партияның тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, заман талабына сәйкес алға ілгерілеудің негізгі бағыттарын айқындап берді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әрбір жетістігі, құнды шешімдері мен маңызы зор заңдардың қабылдануы «Nur Otan» партиясының қатысуымен өткенін бәріміз де жақсы білеміз. Бірақ уақыт көші өзгерістерді қалайды. Осы орайда Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы да уақыт талабына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді бағындыруда»  деп, Елбасы «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – партияның 7 серпіні» қайта жаңғырту бағдарламасы мен «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша саяси тәжірибе тарихында алғаш рет республика көлемінде праймериз өткізілгенін айтып өтті.  width= Елбасы атап өткендей, партия өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Оның мақсаты – барша қазақстандықтардың жарқын болашағы үшін ұзақ мерзімді саяси көшбасшылықты одан әрі нығайту. Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың айтуынша, жыл соңына дейін «Nur Otan»-ның Саяси кеңесінде айтылған партия жұмысының нәтижелерін орнықтыру маңызды. Үш маңызды тұжырым айтылған жиында  «Nur Otan» партиясының ардагері Баянсұлу Тыныбаева сөз алды.
«Елдіктің жеті тұғыры» – бұл біздің тәуелсіздігімізді баянды ету, ал, оның маңызын жастарға жеткізу біздің азаматтық парызымыз. Тәуелсіздігімізді, бірлік пен татулықты сақтау, тарихымызды қастерлеп, жерімізді қорғау, отбасылық құндылықтарымызды арттырып, мәдениетімізді, рухани жаһандануды тереңінен танып, білім алып, бәсекеге қабілеттілікті өркендету біздің алдымызға қойылған мақсат. Тәуелсіздіктің тұғырлы, берік болуы — біздің әрқайсымызға байланысты екен. Жаңа белестерге жету үшін әрбір қазақстандықтан ұлт болашағы үшін жауапкершілікті сезіне отырып, қажырлы еңбек ету талап етіледі», – деген Баянсұлу Қодасқызы  жастарды  Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде аянып қалмай, осы құндылықтарды дәріптеуге шақырды.
 width= Жиында жастарға да сөз берілді. «Jas Otan» белсендісі, Қазақстан студенттер альянсының Атырау облысы бойынша көшбасшысы  Әділет Сәбитов Елбасының "Елдіктің 7 тұғыры" атты үндеуіндегі өзіне үлкен әсер қалдырған тұстарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, жетістікке жету жолын іздейтін азаматтар Нұрсұлтан Әбішұлының үндеудегі осы 6-қағиданы оқып, көңілге тоқуы қажет.
 «6-қағида: «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. "Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап" деп дана Абай айтқандай, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек. Елімізде талантты әрі дарынды, алғыр, өжет жастар жетерлік. Әлемнің алпауыт компанияларында жұмыс істейтін, халықаралық деңгейде ғылыми жаңалық ашқан, түрлі салада еңбегімен танылып жүрген жалынды жастарды көргенде ерекше қуанамын», – деген Әділет Сәбитов «NurOtan» партиясының Атырау облыстық филиалына және жергілікті басшылыққа Атырау жастарына көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін үлкен алғысын білдірді.
 width= Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылауда ұлт құндылықтарына жауапты болу, өркениетті даму жолына түсу туралы келелі мәселелер айтылды. Кеңейтілген кеңестің екінші бөлімінде Тәуелсіздік күніне орай марапаттау рәсімі өтті.  width= «Халық алғысы» медалімен марапатталады:
  1. Кушалиев Шыныбек Зиноллаұлы, дәрігер-педиатр;
  2. Тұрдалиев Әділбек Олжабайұлы, Халел Досмұхамедов атындағы университетінің азаматтық құқық кафедрасының профессоры, партия мүшесі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталады:
  1. Баймұқашев Серік Қонысбайұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері, Атырау қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі;
  2. Тыныбаева Баянсұлу Қодасқызы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  3. Шарипов Төлеміс Муапихұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  4. Мұханбетов Аяпберген Сырымұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  5. Өтебалы Бақыт Мұлхайдарқызы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» бастауыш партия ұйымының төрағасы;
  6. Қалауи Мейірім Жоламанұлы, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
  7. Ақымова Шолпан Тәжіқызы, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының бас есепшісі;
  8. Иманғалиев Ғалымжан Шайдоллаұлы, «Дамбы ауылдық округ» бастауыш партия ұйымының хатшысы.
«Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталады:
  1. Абдолов Амангелді Аманиязұлы, Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттарының жетекшісі, республикалық жеке сот орындаушылары өңірлік төралқасының төрағасы;
  2. Ажғалиева Айгүл Теміртасқызы, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, партия мүшесі;
  3. Бейсқали Толқын Ермекқызы, «Nur Otan» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
  4. Тыныбаева Баянсұлу Қодасқызы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  5. Кенжеғалиева Жаңылсын Салахиденқызы, №13 «Балапан» бөбекжай бақшасының директоры, «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі,
  6. Қазиев Қылышбай Кенжеғалиұлы, «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық маслихатының депутаты, мектеп директоры;
  7. Мамбетова Сәуле Тұрдығалиқызы, «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық мәслихат депутаты, Орталық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі;
  8. Ерғалиева Гүлшат Түлкібайқызы, «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі.
«Nur Otan» партиясының «Құрмет грамотасымен» марапатталады:
  1. Мұханбеталиев Нұрлан Есенұлы, «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық мәслихатының хатшысы;
  2. Сабырғалиев Марат Батырұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  3. Керешов Сағымбай Керешұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  4. Кенжебаев Бержан Ахонұлы, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты;
  5. Жұмағалиев Ахметжан Сариұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері, қызмет етуші дәрігер;
  6. Жайлашев Самат Нұрединұлы, «Nur Otan» партиясының ардагері;
  7. Альмурзиев Шалқар Болатұлы, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық мәслихатының депутаты;
  8. Кенжеғалиев Сайлауғали Иманғалиұлы, «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық мәслихатының депутаты;
  9. Айтуғанов Қуаныш Орынғалиұлы, «Қайнармұнайгаз» мекемесінің бөлім басшысы, партия мүшесі;
  10. Балмұханқызы Гүльжанат, «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының қызметкері;
  11. Бекенаева Гүльмира Төлегенқызы, «Nur Otan» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі;
  12. Бисенов Қази Елеусінұлы, «Жылыоймұнайгаз» мекемесінің бөлім басшысы, партия мүшесі;
  13. Досқалиев Сламғали Қалниязұлы, Жем ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, партия мүшесі;
  14. Тастаев Дулат Ғалымжанұлы, Мақат аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, партия мүшесі.

Тұрсын  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы