Роза Бағланованың өмірі жайлы фильм түсірілді
Роза Бағланованың өмірі жайлы фильм түсірілді
©Павел Михеев
722
оқылды

КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың өміріне арналған тарихи «Бұлбұл» телехикаясы 18-19 желтоқсан күндері «Хабар» телеарнасында тұсауы кесілмек.

Алматыда аты аңызға айналған әншінің туыстары мен туынды авторлары қатысқан жабық көрсетілім болып өтті. [caption id="attachment_175343" align="alignnone" width="1200"]©Павел Михеев ©Павел Михеев[/caption] «Бұлбұл» телехикаясы – ұлы тұлғаның өмірінен сыр шертетін заманауи байопик канондарына құралған биографиялық картина. Роза Бағланова өмірінің негізгі тұстарын ашатын тарихи бөлімі де бар. Шығармашылықтан тыс жеке өмірі де қамтылған. Роза Тәжібайқызының әншілігінен бөлек белсенді азаматтық ұстанымы да бар болатын. Ол көзі тірісінде Арал теңізі мен Семей полигоны мәселелері жайлы биік мінберлерден жиі айтып жүрді. Картинада өнерпаздың осы қыры да біршама көрініс тапқан. «Бұл күндер өте ауыр, бірақ қызықты өтті. Карантиндік шектеулерге байланысты түсірілімді кейінге шегеріп жүрдік. Бірақ, ештеңеге қарамастан сериалды Ташкентте де, Минскіде де, Алматыда да түсірдік. Декорация, сахналық костюмдер таңдау және безендіру бойынша көп жұмыс жасалды. Тіпті базар аралап, әжелерден сатып алған кезіміз де болды», – деді фильмнің бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова. Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қаңтарында Роза Тәжібайқызының туғанына 100 жыл толады. Жезтаңдай әншінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек. Жобаның режиссері Санжар Омаров, операторы Қаршыға Оспанов, басты рөлдерді Зарина Жәкенова мен Дархан Сүлейменов сомдаған.