Алматыда құрылысы жыр болған жолайрықтың бірі ашылды
Алматыда құрылысы жыр болған жолайрықтың бірі ашылды
391
оқылды
Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метрді құрайды. құрылыс Жолайрықтың ашылуына мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Осы күзде жекелеген бүйірлік съездері бойынша қозғалыс ашылған-тын. Жаңа жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойымен жүретін көліктерді өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойымен – 40 мыңға дейін арттырады деп күтілуде. Айта кетейік, жолайрықтың құрылысы осы аймақта орналасқан құрылыс иелерімен болған сот процестеріне байланысты біраз жылға кешіктірілген еді. құрылыс