«Аң аулаған» – полиция БҚО-да қайтыс болған инспекторға қатысты ресми мәлімет таратты
«Аң аулаған» – полиция БҚО-да қайтыс болған инспекторға қатысты ресми мәлімет таратты
Фото: kaluga-news.net
308
оқылды

«Мой Городтың» жазуынша, полицейлер марқұм Серік Мәженовтің қорықта аң аулағанын мәлімдеді.

14 желтоқсан күні сағат 09:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылынан он шақты шақырым жерде БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Сағындықұлы Мәженов оқ тиіп, көз жұмды. Полицияның дерегінше, бұған дейін БАҚ-та тараған "инспектор рейд кезінде қайтыс болды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Оның қорықта аң аулаумен айналысқаны анықталды.

«Тергеу барысында куәгерлер, күдікті мен жәбірленуші қорық аумағында заңсыз аң аулаумен айналысқаны анықталды. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертеді» делінген департаменттің ресми хабарламасында.