Қарағанды облысында Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті
Қарағанды облысында Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті
Фото: Іnform.kz
396
оқылды

Теміртау және Қарағанды қалаларында Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық автошеру өтті. Шараны қаланың жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Шеруге 15 автокөлік қатысты. Мерекелік автошерудің басты атрибуты Қазақстанның мемлекеттік туы болды. Көліктер тізбегі ескі қаладан басталды. Металлургтер даңғылымен жүріп өткен жүргізушілер автошеруді «Восток» саябағында аяқтады.
«Біздің акциямызды теміртаулықтар белсенді түрде қолдап, әлеуметтік желідегі үндеуге жауап беріп, қатарымызға қосылды. Баршаңызды еліміздің басты мерекесімен құттықтаймын және Қазақстанның өркендеп, гүлденуіне тілектеспін», – деді Жастар орталығының директоры Айдын Жұмагелдинов.
[caption id="attachment_175880" align="aligncenter" width="1200"]Қарағанды, Теміртау, автошеру Фото: Іnform.kz[/caption] Теміртаулық автоәуесқойларға қарағандылықтар да қосылды. Қарағандыда «Менің туым – Менің Қазақстаным!» автошеруі өтті. 15 көліктен құралған автокеруен қаланың басты көшелерінің бойымен қазақстандық жалауларды желбіретіп жүріп өтті. Облыс тұрғындарын Jas Otan Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы мен «Регион» такси ұжымы құттықтады. [caption id="attachment_175881" align="aligncenter" width="1200"]Қарағанды, Теміртау, автошеру Фото: Іnform.kz[/caption] [caption id="attachment_175882" align="aligncenter" width="1200"]Қарағанды, Теміртау, автошеру Фото: Іnform.kz[/caption]