Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдайға сәйкес әлемде 293 журналист түрмеге түскен. Оның ішінде біреуі - Қазақстанда.
Алаңдатарлық жағдай Қытай, Мьянма және Беларусьте екен. Онда 212 журналист түрмеге түскен. Ал Вьетнам және Сауд Арабиясымен қосқанда, осы бес елде дүниежүзіндегі тұтқындаудың 59%-ын құрайды. Мысалы, Беларусьте 32 журналист түрмеге қамалған.Ал "Шекарасыз репортерлер" ұйымының мәліметінше, биыл қызмет бабы бойынша түрмеге түскен журналистердің саны 488-ге жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Жалпы сөз бостандығын қорғап, түрлі шабуылдау мен қудалауларға ұшыраған журналистер арасында 60 әйел бар.