Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: polisia.kz
182
оқылды

Жол апаты салдарынан 47 жастағы жолаушы мен 9 айлық нәресте қаза тапты.

16 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігімен Алматы қаласынан келе жатқан жолда апатқа ұшыраған. Ол Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылы тұсында 59 жастағы Сарыбастау ауылының тұрғыны басқарып келе жатқан ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі, жолаушы және Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында 47 жастағы алматылық көз жұмды. 9 айлық бала екі сағаттан кейін ауруханада қайтыс болды. Екінші ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы, Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.   https://youtu.be/A3nmIz9tHXs Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.  Апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.