-35 градус аяз болады
-35 градус аяз болады
Фото: Интернеттен алынды
342
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыстан соққан антициклонның ықпалында болады. Сондықтан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік Қазақстан аумағында -35 градусқа дейін аяз бірнеше күн қатарынан сақталады. Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан, жауын-шашын жауады. Кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшейеді.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында желдің күші 18 м/с-ке дейін артады.