Finprom.kz-тің зерттеуінше, ТМД елдері, оның ішінде Қазақстанда интернет бағасы біршама арзан.
Сарапшыларының бағалауынша, Қазақстан интернет құны бойынша 167 елдің ішінде 7-орында тұр. Интернет пакеттің орташа бір айлық құны – 11,5 доллар. Рейтингтің басында тұрған Украинада айына орта есеппен – 7,2 доллар.
Бұған дейін Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин аймақтарды аралап, интернетпен қамту мәселесін өзі тексеріп көрген еді.