Рolisia.kz-тің жазуынша, Түркістан облысында полицейлер алаяқтарды ұстады.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, белгісіз екі адам түрмеде жазасын өтеп жатқан ағасын бостандыққа шығарып беретінін айтқан.
Жәбірленушіден сол үшін 3 миллион теңге алған. Бірақ бір жылдай уақыт өтсе де, уәдесін орындамаған. Ақшаны да қайтармаған.
Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті екі адамды анықтап, ұстады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.