Қытай 48 сағатта коронавирустан емдейтін аурухананы салып бітірді
Қытай 48 сағатта коронавирустан емдейтін аурухананы салып бітірді
Фото: Интернеттен алынды
467
оқылды
Соңғы мәліметтер бойынша коронавирустан 170 адам қайтыс болды, – деп жазады 24.kz. Осы кезге дейін вирусты жұқтырғандардың саны 8 мыңға жуықтады. Кеше ауру ошағы Ухань қаласы маңында 1300 науқасқа арналған аурухана ашылды. Коронавирусты жұқтырғандарды қабылдап жатыр. Негізі жоспар бойынша көпсалалы емхананың құрылысы биыл мамырда аяқталуы тиіс болған.
Алайда індеттің тез таралуына байланысты оны небәрі 48 сағаттың ішінде салып бітіп, жабдықтап үлгерген. Уханьның өзінде де коронавирусты емдеуге арналған арнайы 2 аурухана құрылысы қызу жүріп жатыр. Рекордтық көрсеткіштегі құрылыс жұмыстарының барысы жергілікті халыққа тіпті онлайн трансляциямен көрсетіліп жатыр.
Екі емхана 3-5 ақпанда қолданысқа беріледі.   https://youtu.be/Hux5V0CcSvk   Жоспар бойынша, біріншісі 1300 адамға арналған еді. Алайда ойлана келе, орындар санын 1600-ге дейін арттыру шешімі қабылданған.
Онда 2 мыңнан аса дәрігер жұмыс істемек.  Аурудың тез таралуына байланысты Хубэй провинциясының билігі төтенше жағдай жариялады.
Атап айтқанда, карантинге тұрудан, емделуден және тексеруден өтуден бас тартқандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қоса өзге жерде жүрген Ухань тұрғындарына үйлеріне оралу үшін Қытай билігі бірнеше әуе тасымалдаушыға шаһарға рейс жасауға рұқсат берді. Өткен аптада бірқатар компания қаламен әуе қатынасын уақытша тоқтатқан болатын.